Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, жас өнертапқыштар мен құрастырушылар «Болашақтың энергиясы» қалалық конкурсының өткізілуі туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, жас өнертапқыштар мен құрастырушылар «Болашақтың энергиясы» қалалық конкурсының өткізілуі туралы ақпарат

   2016 жылдың 16 қарашасында ЖББ № 10 орта мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, жасөнертапқыштар мен құрастырушылар «Болашақтың энергиясы» қалалық конкурсы өткізілді. Конкурстың мақсаты өнертапқыштық пен құрастырушылық арқылы жаңашылдық және жоғары технологиялар саласына қызығушылықты арттыру болды, сонымен қатар кәсіптік бағдар беру және АООО мен жоғары оқу орындарында білім алуды жалғастыруға көмектесу. Конкурста  ЖББ №1,№3,№10 орта мектептің оқушылары жұмыстарын ұсынды. Мектеп директоры Л.Ю. Горбулева қатысушыларға сәлем жолдау сөзін сөйледі.

             ЖББ №1 орта мектептің 9-сынып оқушысы В. Лупанның жобасы энерго үнемдеуші технологияларды қолданушы қазіргі санаторияларға  арналды. ЖББ №3- мектеп оқушылары болашақтың экологиялық таза үйі жобасын қорғады, ал ЖББ №10-орта мектептің 9-сынып оқушысы К. Останин «Болашақтың мектебі» тақырыбында жобасын дайындады.

Конкурста «ғылыми кеңес» жұмысының құрамында Балқаш сервис колледжінің тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары Ж.К. Телекпаева, Балқаш техникалық колледжінің электротехника пәнінің мұғалімі Женис Айтолкын және БТК өндірістік оқу шебері Ж.Т. Аманбекова болды.

    Конкурстың қорытындылу сәтінде ЖББ № 10-орта мектептің вокалдық тобы (жетекшісі М.В. Кладинова) «Мен Қазақстаным» әнін орындады.  «Ғылыми кеңес» конкурстың қорытындысын жасады: 1-орын Константин Останинге №10-жббом, 2-орын №3-жббом оқушыларына және 3-орын №1-жббом оқушысы Владимир Лупанға берілді. Қатысушылар қалалық білім бөлімінің дипломымен марапатталды.

Дата: 17.11.2016, 2:24 Автор: Школы и сады г. Балхаш