«Мен сізге алғыс айтамын!»
Биыл біздің мемлекетімізде ұлттар татулығының бірлігін жаңа деңгейге көтеретін ерекше мереке 1- наурыз Алғыс айту күні аталып өтуде. Осы көктемнің бірінші мерекесінде «Алпамыс» балабақшасында «Мен сізге алғыс айтамын!» атты зейнеткер тәрбиешілерімізге арналған мерекелік іс-шара өтті.Іс-шарада әр ұлттың ұлттық киімдерін киген балалар қонақтарға ризашылықтарын білдіріп,өз өнерлерін көрсетті. Ересектер тобының тәрбиеленушісі Тайтөлеуова Саяжан өзінің «Мен қазақтың қызымын» әнімен көрермендерді баурап алды. Мереке соңында ана-аналардың көмегімен жасалған балалардың шығармашылық көрмесін тамашалады.
Дата: 1.03.2016, 10:40 Автор: Школы и сады г. Балхаш