Тәуелсіздік күніне арналған іс - шаралар
«Бөбек» МЖДМ КМҚК Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 2015 жылғы 11 желтоқсанда «Тәуелсіз менің Отаным» атты көрмесі өтті. Бұл көрмеде балалар, ата - аналар және тәрбиешілер әр түрлі техникада бұйымдар әзірлеп, қол өнерлерін ортаға салды.
2015 жылғы 14 желтоқсанда «Қазақстан - Отаным менің!» атты ортаңғы және ересек топ бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Бұл сайысқа 14 бала қатысты. Сайыстың қатысушылары мақтау қағазы және алғыс хатпен мараппаталды.
«Бөбек» МЖДМ КМҚК-да мерекелік апта, екі ересек топ балаларының қатысуымен өткен «Тәуелсіздік – тұғырым!» атты ертеңгілігімен аяқталды.
Дата: 18.12.2015, 8:26 Автор: Школы и сады г. Балхаш