ХІІІ «Алтын бала» форумы

ХІІІ «Алтын бала» форумы

    28  қараша күні «Балқаш қаласы Абай атындағы № 2 лицей» КММ – де  Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күніне арналған дарынды оқушылардың  ХІІІ «Алтын бала» форумы өтті.

    Форумның мақсаты- дарынды оқушыларды ынталандыру, олардың зияткерлік қабілетінің дамуы мен кәсіби бағытта өз бетімен танымдық жұмыс жасауына қолайлы жағдайлар жасау. Форумға  қала әкімі Александр Минвалиевич Аглиулин, қалалық білім бөлімініңқызметкерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, БАҚ өкілдері, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

    Дарынды балаларды анықтау барысында «Өрелі өрен» номинациясымен  «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ нің оқушысы Аман Мадина және «Балқаш қаласы №8 орта мектеп» КММ – нің оқушысы Жагуфарова Ботакөз марапатталды. Сонымен қатар «Жас көшбасшы» номинациясымен «Балқаш қаласы №4 орта мектеп» КММ – нің оқушысы Асадова Анэлия, «Шынайы дарын» номинациясымен «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ-нің оқушысы Ақпанбаева Айгерим және «Балқаш қаласы №7 мектеп –гимназиясы» КММ – нің оқушысы Сиязбек Айдын марапатталды.

     Форум соңында  «Балқаш қаласы Абай атындығы №2 лицей» КММ- нің оқушысы Маркс Жанар, «Балқаш қаласы №15 мектеп – лицей» КММ – нің оқушысы Садырбаева Зарина,  «Балқаш қаласы №17 орта мектеп» КММ – нің оқушысы Аскар Жанна, «Балқаш қаласы №17 орта мектеп» КММ – нің оқушысы Меженская Валентина  «Алтын бала»  медалінің иегерлері атанды.  «Алтын бала» медалінің иегерлерін қала әкімі А.М. Аглиулин  марапаттады. Форум барысында  лицейіміздің өнерпаздары  өз өнерлерін көрсетті.

Дата: 1.12.2015, 18:35 Автор: Школы и сады г. Балхаш