Алтын күз келді!

Алтын күз келді!

 

 «Бөбек» МЖДМ КМҚК-да күз мерекесіне арналған ойын-сауық өтті. Мерекені ересектер тобының балалары мен педагогтар қазақ және орыс тілдерінде қызықты әрі көңілді өткізе білді.

    Мереке әдеби поэзия беттерінен басталып, музыкалық сәлеммен («Ахау, күзім-ай», «Күзгі бақ» әндері, «Тучка»,  «Осенний листопад» билері), қызықты эстафета-ойындарымен ( «Алманы жинау», «Орманға саңырауқұлақ теруге», «Өз ағашыңды тап», «Шалшықты баспа») жалғасты.

  Орыс тіліндегі «Кірпінің самсалары» атты ертегі қойылымы және Күздің базарлығы тәтті алмұрттар балалар мен қонақтар үшін тосын сый болды.

Дата: 28.10.2015, 8:51 Автор: Школы и сады г. Балхаш