Тәрбиешілермен жұмыс!
![Тәрбиешілермен жұмыс!](/media/img/journal/55f252b3edb7b.jpg)
«Бөбек» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекемеде 09-10 қыркүйек күні, мектепке дейінгі білім беру сапасын, педагогтардың шығармашылықтарынарттыру және олардыңоқу-әдістемелік қызметін жетілдірумақсатында, «Жаз мерзіміндегі ең үздік жоба-2015» байқауы өтті. Педагогтар өз жобаларының презентациясын ұсынып, оны қорғады.
Байқауға, жаз бойы балаларды қысқа мерзімді шығармашылық жобаларға тарту арқылы олардың жаңа жасырын мүмкіндіктерін ашқан 10 педагог қатысты.
Байқау қорытындысы: 1 орын № 3 ересектер тобының тәрбиешісі–Куанышбекова Эльмира Хамитовна; 2 орын- №6 кіші топтың тәрбиешісі–Джуманбаева Бахыт Капановна; 3 орын- ағылшын тілінің мұғаліміБирмаханова Алия Адылевна.
Дата: 11.09.2015, 4:06 Автор: Школы и сады г. Балхаш