«Денсаулық фестивалі-2015»

«Денсаулық фестивалі-2015»

       Білім  беру мекемелерінде 2015 жылдың 1 және 5 қыркүйек айы аралығында «Денсаулық фестивалі-2015» апталығы болып өтті.

           Апта бойы барлық сыныптарда «Салауатты өмір салтын ұстанамыз!», «Дені сау ұрпақ-жаны сау ұрпақ», «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.

          Салауатты өмір салтын ұстану, жаман әдеттерден аулақ болу мақсатында барлық білім ошақтарында профилактикалық іс-шаралар жоспар бойынша өткізілді.

           Мектеп кітапханаларында «Абайла, қауіпті!», «Салауатты өмір салтын қолдаймыз», «Жаман әдеттен аулақ болайық» кітап көрмелері және «Дені сау ұрпақ - елдің болашағы» ақпараттық-насихаттық стендтер жабдықталды.

          9-11 сынып оқушылары арасында (1100 оқушы қамтылған) қалалық туберкулезге қарсы орталығы және «Салауатты өмір салты» орталығының мамандарымен бірлескен дәріс сабақтар жүргізілді.

           5-7 сыныптар арасында (2800 оқушы қамтылған) асфальтта «Біз өмірді таңдаймыз!» сурет сайыстары өтті.

          Сонымен қатар 7-8 сыныптар арасында ата-аналарымен бірлескен «Спортпен шұғылданып, денсаулықты сақтаймыз!» атты спорттық эстафеталық жарыстар ұйымдастырылып, оқушылар көңілінен шықты.

        8-11 сыныптар арасында (2750 оқушы қамтылған) «Өміріді бағала» тақарыбында эссе, шығармалар жазылды.

        Қала мектептерінің 3-9 сынып оқушылары 5 қыркүйек күні «Металлург» стадионында қалалық  жоспар бойынша кең көлемде «Денсаулық фестивалі-2015» аясында  ұйымдастырылған, «Мықты денсаулық-мықты мемлекет» спорттық сайыстарына, велошеруге бір кісідей қатысып, ат салысты.

            Барлық өткізілген іс-шаралар мектептің веб-сайттарында жариланып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

          

Дата: 7.09.2015, 9:07 Автор: Школы и сады г. Балхаш