Балқаш қаласының білім мекемелеріндегі Білім Күні мерекесінің өтілуі туралы АҚПАРАТ
1 қыркүйек күні білім мекемелерінде Білім басқармасының әдістемелік нұсқау хатына сүйене отырып, білім бөлімінің бұйрығымен бекітілген жоспарға және атаулы мерекелер яғни, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ассамблеяның 20 жылдығы , Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығы, Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жылдық мерекесіне орай Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың арманы екенін оқушыларға ұғындыра отырып, Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында «Менің Отаным- Қазақстан» атты салтанатты жиындар болып өтті.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының орындалуымен басталды.
Мемлекеттік мекемелердің басшылары өскелең ұрпақты патриотизмге және толеранттылыққа тәрбиелеу мақсатында 10-11 сынып оқушыларымен «Ата Заңым тұғырым» атты патриоттық сабақ өткізді.
5 - 8 сынып оқушыларымен бірге «Тәуелсіздік, батырлық, ерлік құндылықтары», «Қазақ халқының ерлік істері» тақырыптарында ерлік сабағы өтті.
Мерекенің шешуші кезеңі Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Менің Отаным-Қазақстан» атты кітабын 1-сынып оқушыларына сыйлық ретінде тарту ету болды.
Сонымен қатар дәстүр бойынша:
- Жоғарғы сынып оқушыларының ізбасарларына тілегі, флешмоб, 1 сынып бүлдіршіндерінің жақсы оқуға, мектепті, ұстаздар қауымын құрметтеуге сөз беруі ұйымдастырылды.
- Мерекенің өтілу барысында «К нам осень пришла», «Звени звонок», «Сыңғырла, күміс қоңырау», «Әліппе», «Бақытты балалық шақ» т.б. әндері шырқалды.