Халықаралық балаларды қорғау күні

Халықаралық балаларды қорғау күні

     1 маусым күні  «Балқашсүт» ЖШС демеушілігімен  «Тәуелсіздік» алаңында   Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтті. Бұл меркеге «Күншуақ» балабақшасының  бүлдіршіндері мен  ертегі кейіпкерінде киінген тәрбиешілерімізде  қатысты.  Мерекенің бірінші бөлімінде   қаламыздың мектепке дейінгі мекемелер  балаларының  қатысуымен  концерттік бағдарлама өткізілді. Концерттік бағдарламада бүлдіршіндер би билеп, ән салды. Меркекелік сахнада балабақшамыздың  ересек топ   тәрбиеленушісіКенжеханова  Зерегүл көрермендерге «Аналардың тілегі» атты әнін шашу тарты. Меркенің екінші бөлімінде, балабақшамыздың тәрбиешілері балалармен «Кенгуру», «Қолшатыр» қимыл-қозғалыс ойындарын өткізді.Ойын барысында балалар өздерінің ептіліктерін, шапшандылықтарын көрсетті. Сондай-ақ,  мереке барысында көп балалы жанұя балаларына сыйлықтар,  ал қала тұрғындарына  сүт өнімдері тегін таратылды. «Балқашсүт» ЖШС демеушілігімен  өткізілген бұл шара бүлдіршіндердің жүздеріне қуаныш, бақытты күлкі, ал жүректеріне мейірім мен шапағат ұялатты.

 

Дата: 2.06.2015, 9:39 Автор: Школы и сады г. Балхаш