2015 жылы әскер жасына дейінгі бозбалалардың оқу-жаттығу жиыны өткізілді

2015 жылы  әскер  жасына дейінгі бозбалалардың оқу-жаттығу жиыны өткізілді

        Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  13.02. 2013ж  №118 «Бастауыш алғашқы  әскери  туралы»  Қаулысын  орындау, Балқаш  қалалық  білім  бөлімі, қалалық  қорғаныс  бөлімімен  бес  күндік  10-сынып  бозбалалармен  оку-жаттығу  жиынын  өткізу  бағдарламасын  бекітті. Осы  жоспар  негізінде  жалпы  білім  беретін 15 орта  мектептердің  10-сынып  бозбалаларын  әскери  қызметке  дайындау  мақсатында  маусым   айының  21-26 аралығында  үш  взводтан  тұратын  бір  рота  жасақталып,  оқу-жаттығу  жиыны  өткізілді.

       Әскери  оку-жаттығу  жиыныңа   108  бозбала  қатысты. Жиын  барысында окушылар  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің  Жарғысы, атыс  дайындығы, тактиқалық  дайындық, саптық  дайындық , әскери  топография, азамттық   қорғаныс,  және  жалпы   дене   дайындығы  бойынша  окушылар  бес  күн  бойына  алғашқы  әскери  дайындық сабағында  алған  теориялық  білімдерін  практика  жүзінде  іске  асырды.

     Мектеп  медбибілері   10-сыныптардың  199- оқушы-қыздар  арасында  дарігерлік-санитарлық  жаттығулар  ұйымдастырып өткізді.

Дата: 28.05.2015, 11:09 Автор: Школы и сады г. Балхаш