Құрметтейміз! Ұмытпаймыз! Мың алғыс!

Құрметтейміз! Ұмытпаймыз! Мың алғыс!

    2015 жылғы 8 мамырда «Бөбек» МЖДМ КМҚК Жеңіс Күніне және Отан қорғаушылар Күніне арналған мерекелік іс – шаралар өтті!

      Ортаңғы топтың балаларын «Жас ұлан» атты әскери – спорттық эстафета күтті. Бұл мерекеде ата – аналар, сонымен қатар Қазақстандық әскери форма киген тәрбиешілер қатысып, ат салысты. Бүлдіршін отан қорғаушылар өздерінің мергенділіктерін, ептілігін, жүйрік солдат бола алатынын көрсетіп, көреремен көзайымы болды.

  Ал, балабақшаның ересек тәрбиеленушілері болса, Ұлы Отан соғысының қаһарман жауынгерлеріне және де ардагерлеріне сый – құрмет көрсетті! Танымал «Катюша» мен «Яблочко» концерттік бағдарламаның басты ерекшелігі болып, балалар балхаштан шыққан соғыс қаһармандарына тағзым етуге, қалалық жағажайдағы «Сөнбес жұлдыздар» ескерткішіне виртуалды саяхатқа аттанды.

Дата: 8.05.2015, 11:33 Автор: Школы и сады г. Балхаш