«Ерліктің мәңгілік алауы» атты қалалық әскери-патриоттық сахналандырылған әндер фестивалі

«Ерліктің мәңгілік алауы» атты қалалық әскери-патриоттық сахналандырылған  әндер фестивалі

     Ұлы Жеңістің 70-жылдық мерейтойы қарсаңында өскелең ұрпақты азаматтық, патриоттық және өз Отанының өткен тарихына  құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында 2015 жылдың 6 мамырында Оқушылар сарайында «Ерліктің мәңгілік алауы» атты әскери-патриоттық әндер фестивалі өткізілді. Мерекеге Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен еңбек ардагерлері шақырылды. Қала мектептері: «Алия», «Смуглянка», «Дети войны», «И все о той весне», «Соғыстың соңғы әні», «В землянке» сияқтыәскери әндерді орындап, сахналандырылған көріністер көрсетті. Барлық фестивальға қатысушылар Отан үшін жанын пида еткен, соғыс алаңынан оралмаған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.  Соғыс және тыл ардагерлерін, фестивальға қатысушыларды Жеңіс мерекесімен қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Ә.Б. Айтжанова құттықтады. Мереке соңында «Жеңіс Күні» әні шырқалып, жас буын өкілдері ардагерлердің ерлігі мен еңбегі үшін ыстық ықыластарын, құрметтерін орындарынан тұрып қол соғып білдірді.

Дата: 8.05.2015, 6:02 Автор: Школы и сады г. Балхаш