Әдістемелік күн

Әдістемелік күн

        «Бөбек» МЖДМ КМҚК аумағында 2015 жылғы 06 мамырда «Балабақшада орыс тілін оқыту» тақырыбында орыс тілі мұғалімдеріне арналған әдістемелік күн өтті. Педагог – ұстаздар мемлекеттік тілде білім алатын топтардағы орыс тілін оқытудың ерекшеліктерін айтып кетті, қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытудың бас маманы А. Бектұрғанова ойын технологияларымен қатар: креативті ойлау технологиясын, функционалды сауаттылықты және т.б. қолдануды ұсынды.

     Орыс тілі мұғалімі Г. Искакованың жетекшілігімен екі ересектер тобы «Умники и умницы» викторинасында тілдік құзіреттіліктерін көрсетті.

    Әдістемелік күннің қорытындысы болып табылған  «Тікелей эфир» кәсіпті ойын  барысында орыс тілін оқытудағы балалармен жұмысқа арналған конструктивті ұсынастар өндірілді. 

Дата: 8.05.2015, 5:52 Автор: Школы и сады г. Балхаш