Бір шаңырақ астында!

Бір шаңырақ астында!

Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20 жылдық мерекесі және  Қазақстан халықтарының бірлік күні  мерекесін  тойлау қарсаңында «Бөбек» балабақшасында 28, 29 сәуірде  1–мамыр мерекесіне арналған ертеңгіліктер мен ойын-сауықтар өтті. Әр-түрлі халықтардың ұлттық киімін киген балалар бір шаңырақ астында ән айтып, би билеп, тақпақтар айтты. Қазақтың «Шаңырақ», жапонның «Кокеси», немістің «Ормандағы түлкі» атты  ұлттық ойынын ойнады. Ересектер тобының тәрбиеленушілері Ресей, Германия, Америка, Африка, Жапон елдеріне виртуалды саяхат жасады!

     Көктемгі мереке балабақша ауласында достық шеру және ұлттық қимылды ойындармен жалғасты. 

Дата: 4.05.2015, 11:20 Автор: Школы и сады г. Балхаш