ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ: ШЫҢДАЛҒАН ОЙДАН ӘРЕКЕТКЕ КӨШУ

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ: ШЫҢДАЛҒАН ОЙДАН  ӘРЕКЕТКЕ  КӨШУ

2015 жылдың 28 сәуіріндеБалқаш өңірі педагогтерінің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту Орталығының ұйымдастыруымен Балқаш қаласының М.Горький атындағы №1ЖББОМ – инклюзивті білім берудің стажерлық алаңында «Жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беруді жүзеге асыру әрекеттерін басқару» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді.  Семинар жұмысына Балқаш, Приозерск қалалары мен Ақтоғай ауданының Сарышыған, Шашубай, Тораңғылық мектептерінің педагогикалық қызметкерлері қатысты. Барлығы – 35 қатысушы.

№1ЖББОМ диреторы Е.М.Тусупованың баяндамасында  инклюзивті білім беруді жүзеге асыру бойынша мектеп жұмысындағы ағымды мәселелер мен   перспективалары қарастырылды. Стажерлық алаңның педагог-психологі О.А.Рожко (Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық демеуді ұйымдастыру» атты баяндамасында жалпы білім беретін ортада мүмкіндігі шектеулі оқушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету іс-тәжірибелерімен бөлісті. Мүкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істеу жұмысындағы өз жетістіктерімен бастауыш сынып мұғалімі К.В.Шафикова мен орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Т.Н.Лось бөлісті.

Семинардың қорытынды бөлімінде «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ басқару және білім сапасы кафедрасының меңгерушісі А.Н.Сакаева мүмкіндігі шектеулі балалармен толерантты қарым-қатынасты дамыту бойынша мұғалімдерге арналған тренинг өткізді.

Дата: 4.05.2015, 10:55 Автор: Школы и сады г. Балхаш