Наурызды көңілді қарсы аламыз!
«Наурыз-Көктем мерекесі!Еліміздің бірлігі мен ынтымағының мерекесі!»Осындай девизбен КМҚК «Бөбек» мектеп жасына дейінгі мекемесінде Наурыз-2015 мейрамына арналған тақырыптық апталық өтті.
Балалар тәрбиешілермен бірге ән салып, тақпақ айтып, ұлттық ойындар ойнады. Жайылған дастарханға неше түрлі ұлттық тағамдар, басты тағам наурыз көже қойылды. Ата-аналар, әжелер, қолөнерлерін аямады. Наурыз мейрамында қаншама бата-тілектер айтылды.
Ересек топтарының балалары «Наурыз-Арудың жердегі саяхаты» атты театрлық қойылымын көрсетті. Бұл қойылымнан ертеде ата-бабамыз Наурыз мерекесін қалай тойлағанын, оның мағынасы адамдар арасындағы достыққа, бірлікке, ынтымаққа шақыратынын білді. Балабақшамыздың кішкентай балдырғандары бір-біріне деген өкпелерін кешіріп, қызықты апталықтың әр күніне қуанып, ризашылығын білдірді.