Жбб №9 орта мектебінің «Олардың ерліктерімен мақтанамыз және мәңгі есімізде сақтаймыз!» атты ғылыми жобалар байқауының өткізілуі туралы ақпарат

Жбб №9 орта мектебінің «Олардың ерліктерімен мақтанамыз және мәңгі есімізде сақтаймыз!» атты ғылыми жобалар байқауының өткізілуі туралы ақпарат

2015 оқу жылындағы 6 ақпан күні жалпы білім беретін №9орта мектебінде Ұлы Жеңістің – 70 жылдық мерекесіне орай, мектеп оқушыларына арналған «Олардың ерліктерімен мақтанамыз және мәңгі есімізде сақтаймыз!» атты ғылыми жобалар байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың қонақтары: қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Әсемханова Гүлнар Базылханқызы және «Балқаш өңірі»газетінің тілшісі Базылханова Айманәділқазы мүшелері ретінде қатысты. Қазақ мектептері арасынан 9 мектеп ғылыми жобаға сұраныс берді.

Ғылыми жоба байқауы ҚР Мемлекеттік рәміздерін орындаудан басталып, қалалық «Айгөлек» ән-би байқауының бас жүлдегерлері «Алтынай» би тобының  «Корея» биімен ашылды. Ғылыми жоба байқауына қатысқан9 оқушының барлығы өз білімдерін, зерттеушілік қабілеттерін көрсете білді.

Әділқазылар алқасының шешімі нәтижесінде төмендегі мектеп оқушыларына дипломдар берілді:

І дәрежелі Диплом - №9 орта мектеп оқушысы - Мұқатай Аида

ІІ дәрежелі Диплом - №2 лицей оқушысы – Малыбаева Анель

 ІІ дәрежелі Диплом  - №2 интернат оқушысы - Берікбай Алтынай

ІІІ  дәрежелі Диплом - №8 мектеп оқушысы – Азкенова Айкеш-Аяжан

ІІІ дәрежелі Диплом - №7 мектеп оқушысы –Тайтөлеуова Ақнұр

ІІІ дәрежелі Диплом - №15 мектеп оқушысы – Құсайнова Жадыра

Қалған катысушылар «Мазмұны терең», «Өзекті жоба», «Сөз шебері» номинациялармен марапатталды.

Байқау соңында мектеп директоры жобаға қатысушыларды жеңістерімен құттықтады. Әдіскер Әсемханова Гүлнар Базылханқызы ұйымдастырушы №9 мектепке алғысын білдіріп, Ұлы жеңістің - 70 жылдығымен құттықтай отырып, мұндай ғылыми жобалар байқауы жалғасын табатынын тілге тиек етті. 

Дата: 10.02.2015, 9:21 Автор: Школы и сады г. Балхаш