"Мәңгілік ел мұраты және Ер Жәнібек" атты қалалық жоғары мектеп оқушыларының ғылыми тәжірибиелік конференция

 

Желтоқсанның 23-і күні қалалық гимназияда Ер Жәнібек Бердәулетұлының 300-жылдығына арналған "Мәңгілік ел мұраты және Ер Жәнібек" атты қалалық жоғары мектеп оқушыларының ғылыми тәжірибиелік  конференциясы өтті.

Конференция Балқаш аумақтық "Ер Жәнібек" қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

      Конференцияға Ер Жәнібек қорының төрағасы, хатшысы, мүшелері, қала ардагерлері, оқу бөлімінің әдіскерлері, ақпараттық құрал өкілдері, тарих пәннің мұғалімдері шақырылды. 

Конференция Пленарлық, секциялық және марапаттау бөлімінен тұрды.  Арасында оқушыларға Ер Жәнібек туралы шыққан кітаптардың  презентациясы өтті. Оқушыларға  Ер Жәнібек туралы көркем фильм көрсетілді. Конференцияның қорытындысы бойынша  "Мәңгілік ел мұраты және Ер Жәнібек" атты жинақ шығарылды. 

Дата: 30.12.2014, 8:21 Автор: Школы и сады г. Балхаш