«ЭКСПO – 2017- болашақтың қуаты»

«ЭКСПO – 2017- болашақтың қуаты»

            Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 2014 жылдың 15 қарашасы күні халықаралық «ЭКСПO – 2017- болашақтың қуаты»көрмесіне арналған қалалық дебат ойыны өткізілді. Дебат ойындарының негізгі мақсаты оқушылардың шешендік өнер саласындағы дарындылығын дамыту, жылдам ойлау қаблеттері мен мәселенің мәніне терең бойлау қаблеттерін айқындау, мемлекеттік жастар саясаты бағдарламасын тәжірибелік жүзеге асыру.

Ойында қазақ лигасында № 2 Абай атындағы лицейдің «Сана» тобы мен № 5 орта мектептің «Жалын тобы» ойын көрсетсе, орыс лигасында № 10 орта мектептің «Патриот» тобы мен № 4 орта мектептің «Жігер» тобы ойын көрсетті.

    Дебат ойынын қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен КМҚК «Оқушылар сарайы» бірлесіп  Бұл палата, халықаралық көрме «ЭКСПO – 2017- болашақтың қуаты» - Қазақстанның дүниежүзілік экономикаға шоғырлануына жағдай жасайды деп   санайды қарары бойынша ұйымдастырылды.

 

Жеңімпаздар:

Қазақ лигасы

І орын –  «Сана» командасы (№ 2 лицей)

 «Жалын» командасы (5 орта мектеп) белсене қатысқаны үшін мадақтамамен мараппаталды.

Үздік спикер  –  Базарбаева Жібек (№5 орта мектеп)

Орыс лигасы

І орын - «Патриот» командасы (№ 10 орта мектеп)

«Жігер» командасы (№ 4 орта мектеп) белсене қатысқаны үшін мадақтамамен мараппаталды.

Үздік спикер – Тукбаев Ролан (№ 4орта мектеп)

Дата: 19.12.2014, 5:50 Автор: Школы и сады г. Балхаш