Қалааралық «Жас құтқарушы -2014ж» олимпиадасының өткені туралы Ақпарат

Қалааралық «Жас құтқарушы -2014ж»   олимпиадасының өткені туралы   Ақпарат

 

Балалармен жұмыс істеудің ең маңызды мақсаты – олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Оқу орындарында өтетін әр түрлі іс – шаралар - балаларда өмір сүру қауіпсіздік дағдыларын тәрбиелейді, олардың күш қуатын дұрыс жаққа бағыттайды. 

         2014жылдың 16 қазанында Балқаш көлінің жағалауында қалалық білім беру бөлімінің келісімімен Балқаш қалалық төтенше жағдай басқармасы ұйымдастырған «Төтенше жағдай қызметінің құрылу күні» құтқарушылардың кәсіби мейрамына арналған қала мекетептері арасында олимпиада өткізілді.  Осы олимпиадаға демеуші болған Балқаш қаласының ТЖ Басқармасының жеке құрамы.

         Олимпида алты кезеңді қамтыды, «Қауіпсіздік картасы» үй тапсырмасынан және  «Жас құтқарушылар агитбригадасының» өнер көрсетуінен тұрды. Әр кезеңде қауіпсіздік өмір сүруді қамтамасыз ету сұрақтары бойынша Балқаш қаласының ТЖ Басқармасы өңдеген  жазбаша тест түрінде тапсырмалар берілді. Осы кезеңге қатыспаған балалар билет сұрақтарына жауап берді. Командалар аты, ұраны, эмблемасы арқылы өздерінің  сахна шеберлігін, ақындық өнерін және нағыз құтқарушылардың бейнесін көрсете білді.

         Қалалық олимпиада нұсқауы облыстық  олимпиада талаптарына  сәйкес келеді.

         Осы сайысқа 160 баладан тұратын 16 қала мектептері қатысты.

         Төтенше жағдайлар бойынша Басқарма, СПЧ-45, «СПиАСР» ҚБ, Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар Департаменті, қалалық «Орталық аурухана», Балқаш қаласының жол полиция бөлімі, қалалық білім беру бөлімінің әдіскері және АӘД оқытушылары осы өткізілген олимпиада қатысушыларының дайындығына үлкен көмек көрсетті.

         Оқу үрдісінің басты мақсаты - осындай жарыстардың қажеттілігін талап етеді, өсіп келе жатқан жеткіншектерді тәрбиелейді, қоғамға пайдасын тигізуге ұмтылдырады, физикалық қабілеттілігін және теориялық білімдерін арттырады.

         ТЖ бойынша Басқарма, СПЧ-45 ҚБ «СП и АСР» ҚО ТЖД, БВСС ҚО ТЖД, «Орталық аурухана», Балқаш қаласының жол полиция бөлімі және білім беру бөлім қызметкерлерінен құралған тәуелсіз қазылар алқасы №15  лицейге- I орынды, № 2 мектеп-интернатқа – ІІ, ал ІІІ орынды №7 мектеп гимназиясына берді.

 

Жүлделі орындардан басқа қосымша номинациялар берілді:

«Судағы   ең үздік тобы » - № 25 ОМ  алды.

«Өрт сөндіру құралын жазудың ең үздік тобы» - №4 ОМ  алды.

«Дәрігерге дейінгі көмек ең үздік тобы» - № 16 ОМ алды.

«Жолда жүру ережесін жақсы көрсеткені үшін ең үздік тобы»- №3 ОМ алды.

«ЖҚК киюдегі ең үздік команда тобы»   - № 17 ОМ  ие болды.

Ең үздік агитбригада номинациясы бойынша- №8 ОМ аталды.

 

«Жеңіске деген ұмтылыс» номинациясы бойынша калалық гимназия,№ 1 ОМ, №2 лицей, №5, №9, №10,№16, №24,  орта мектептер ие болды.

         Адамның рухани мәдениеті және дене тәрбиесінің дамуы  күнделікті өмірде  маңызды рөлін атқарады.  Ал қауіпті жағдайларда  өзінің өмірін тәуекелге тігеді.

Халықты  құтқару және ТЖ болдырмау сұрақтары бойынша жас жеткіншектерді  оқыту және дайындауға үлес қосқаны үшін ТЖ Басқармасы қалалық білім беру бөліміне және қала мектептерінің АӘД мұғалімдеріне  алғыс білдірді.

Дата: 17.10.2014, 6:41 Автор: Школы и сады г. Балхаш