Балқаш қаласында «Денсаулық фестивалі-2014» атты республикалық акцияны өткізу туралы ақпарат

                        Балқаш қаласында «Денсаулық фестивалі-2014» атты  республикалық акцияны өткізу туралы ақпарат

 

          Балқаш қаласында «Денсаулық фестивалі - 2014» республикалық акциясын жоғары деңгейде өткізу мақсатында қалалық ұйымдастыру комитеті құрылып, негізгі іс-шаралар жоспары жасалды.      

          Акция 6 қыркүйек күні сағат 9.00 –ден  „Жаяу жүріс сағаты“ акциясынан басталды. Фестивальға қатысушылар „Тәуелсіздік“ алаңына дейін жаяу топтасып келді. Сағат 10.00 –де „Тәуелсіздік“ алаңында салтанатты ашылу рәсімі басталды. Қазақстан Республикасының гимні ойналып, қала әкімінің орынбасары, „“Нұр Отан“ партиясы қалалық филиалының бірінші орынбасары қатысушыларды құттықтап, фестивальға қатысушылардың бұқаралы түрде флеш-моб жасауымен басталды. „Жекпе-жек“ спорттық клубы мен БЖСМ –нің жасөспірім 100 спортшыдан құралған спорттық көрсетілім, би, концерттік бағдарламалармен жалғасты. Ашылу салтанатына  мектеп оқушылары,  колледж оқушылары мен студенттері, „Қазақмыс смэлтинг“ ЖШС, әскери бөлім, теміржол кешені, қалалық денсаулық сақтау бөлімі, білім бері ұжымдары қатысты, барлығы 2600 адам. Одан әрі № 15 орта мектептің спорт алаңында „Олимпиада күні“ аясында жеңілатлетикалық жүгіріс, „Металлург“ стадионында „Қазақмыс смэлтинг“ ЖШС жұмыскерлерінің арасында Президенттік тесті қабылдау өтті.  Барлық қатысқандар саны 250 адам.

          Сонымен қатар, „Жекпе-жек“ қалалық спорт клубы“, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде ұлттық спорт түрлерінен /қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату/ жарыстар ұйымдастырылды.  

          „Металлург“ стадионы, мектеп, орта кәсіптік, арнайы оқу орындарының спорт алаңдарында, көпсалалы хоккей корттарында оқушылар, студенттер, жұмыскерлердің ішкі жарыстары, шаралары: «Көңілді жарыстар», «Қызықты старттар», «Батыл, шапшаң, күшті» атты таза ауада қозғалмалы - ұлттық ойындар, волейбол, баскетбол, футбол, жаппай жүгіру, қолжалғау, арқан тарту, дартс, асық ату, аударыспақ, асфальтқа сурет салу конкурстары ұйымдастырылды. Қала мектептерінің, колледждердің спорт алаңдарында, қаладағы барлық спорт жайларында жаппай салтанатты түрде басталып, баяндамалар, шақырулар, тілектер, мәдени шаралар–концерттік қойылымдар, қорытындылау, үздіктерді жүлде мен грамотамен  марапаттау, дыбыстандырумен өткізілді.

          „Фудмарт“, „Строймарт“ дүкендерінің, „Восток“ сауда сату орталыңғында, „Тәуелсіздік“ алаңында Қарағанды облыстық денсаулық сақтау Балқаш аймақтық өкілеттілігі бөлімінің ұйымдастыруымен „Медициналық қалашық“ тұрғындарды қабылдап, кеңес берді.  Сонымен қатар,         денсаулыққа керекті заттар, тағамдар сатылып, жәрмеңке және көрмелер ұйымдастырылды.

«Денсаулық фестивалі - 2014» акциясына барлығы  12460   балқаштықтар қатысты.

Дата: 12.09.2014, 5:50 Автор: Школы и сады г. Балхаш