«Шынықсаң шымыр боласың…»

«Шынықсаң шымыр боласың…»

         Спорт- өз алдымызға мақсат қойып, жеңіске жетуге үйретеді және біздің дене бітімімізді сәнді етіп, төзімділікке тәрбиелейді. Ол бізге денсаулық пен өмірге құштарлық және күш қуат береді. Ол болғанда ешқашан зерікпейміз.

          Міне, мектеп жанындағы лагер балалары да өз уақыттарын бекер өткізбей, 2014 жылдың 13 маусым күні Оқушылар сарайы жанында  № 4 ЖББ мектебі, № 5 ЖББ мектебі, № 9 ЖББ мектебі және № 17 ЖББ мектебінің сауықтыру орталықтары «Шынықсаң шымыр боласың…» атты ойын-сауықтық сайысқа қатысып қайтты.

         Сайыскерлер «Кеглиді құлат», «Доптар», «Секіргіш», «Желден жүйрік», «Топ басшы» ,«Жылан», «Үрмелі шармен жарыс»ойындарында  шапшандықтар мен зеректік танытты.

Сайыс жеңімпаздары:

I орын – № 17 ЖББ «Солнышко» мектеп жанындағы лагерьі;

II орын – № 5 ЖББ «Күншуақ» және № 9 ЖББ «Балбұлақ» мектеп жанындағы лагерьлері;

III орын –   № 4 ЖББ «Солнечный город» мектеп жанындағы лагерьі;

Дата: 24.06.2014, 6:20 Автор: Школы и сады г. Балхаш