Қалалық «Әлем балалар көзімен» тас жолда сурет салу байқауы

Қалалық «Әлем балалар көзімен» тас жолда сурет салу байқауы

                «Балауса» жазғы демалыс орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Әлем балалар көзімен»  тас жолда сурет салу байқауы 2014 жылдың 3 маусымында өтті.

           «Сурет және мүсін» студиясының қосымша білім беру ұстазы Есенгелди Жибек  мектептердің оқушылары арасында қылқалам өнерін насихаттау, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру мақсатында «Әлем балалар көзімен»  байқауын өткізді.

         Байқауға жалпы білім беретін он үш мектептің он үш оқушы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша:

         І- орынға №10 орта мектеп оқушысы Лучиева София ие болды.

         ІІ- орынға №17 орта мектеп оқушысы Позднякова Викторина ие болды  .

         ІІІ- орынға №7 орта мектеп оқушысы Құмырсерік Нұрай ие болды.

Басқа оқушыларға «Өз ісінің шебері», «Композиция шебері», «Жас суретші» номинациялары берілді. 

 

Дата: 24.06.2014, 6:16 Автор: Школы и сады г. Балхаш