«Астанам Ақ Ордам»

«Астанам Ақ Ордам»

«Өнерлінің қолы алтын» демекші маусымның 11-ші жұлдызында 

Танк-Т-34  алаңында қалалық «Балауса» жазғы демалыс орталығының ұйымдастыруымен  бас қаламыз Астана қаласына арналған  «Астанам ақ Ордам!»  тас жолда сурет салу байқауы өткізілді.

         Байқау қорытындысы бойынша  І орын  жалпы білім беретін № 24 орта мектептің  «Балауса» жазғы демалыс орталығы, ІІ орын жалпы білім беретін №15 орта мектептің «Балдәурен» жазғы демалыс орталығы, ІІІ орын жалпы білім беретін № 9 орта мектептің «Балбұлақ» жазғы демалыс орталығы иеленді. Қалған қатысушы мектептер әр түрлі номинациялар мен белсене қатысқандары үшін марапатталды.

        Байқаудың ең бір ерекшелігі онда мектептерден бөлек қаламыздың кішкентай бүлдіршіндері келіп, қызығушылық таңытып , Астанамызға деген сүйіспеншіліктерін  тас жолға сурет салу арқылы жеткізді.

Дата: 24.06.2014, 5:57 Автор: Школы и сады г. Балхаш