1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі аясында өткізілген «Бақыт аралы» атты қалалық мерекенің өтілуі туралы ақпарат

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі аясында өткізілген «Бақыт аралы» атты қалалық мерекенің өтілуі туралы ақпарат

Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі аясында «Танк-34» ескерткішінің жанында «Оқушылар сарайы» КМҚМ-сі мектепке дейінгі мекемелермен бірлесе отырып, «Бақыт аралы» атты қалалық мереке өткізді.        Сағат  9.30-да  «Бақытты балалық шақ»  атты асфальтқа сурет салу фестивалі мен   «Аспан батпырауықтары» аспан жыландарын ұшыру ұйымдастырылды.

              Сағат 10.00-да Оқушылар сарайы мен «Балауса», «Таңшолпан», «Ручеек», «Айгөлек», «Бөбек», «Ақбота», «Ертөстік», «Балдырған», «Күншуақ» бала бақшалары, №2 лицей, №5,9,15,17 ОМ №7 мектеп гимназиясының шағын орталықтарының шығармашылық ұжымының қатысуымен театрландырылған «Бақыт аралы» көрінісі басталды.

        Мерекенің салтанатты ашылуында Балалар мәслихатының хатшысы Омирбаев Абылайхан сөз алып, барлық балаларды мерекемен құттықтады. Көңілді клоундар көңіл көтеру ойын бағдарламаларын дайындапты, барлық қатысушылар ертегі кейіпкерлерімен бірге конкурстарға, ойындарға, «Тезірек, жоғарырақ, күштірек», «Көңілді ноталар», «Ертегіде қонақта» атты жарыстарға қатысты.

       Әр бала сыйлыққа әуе шары мен базарлық алды. Мереке бітті, әр баланың есінде достарымен бірге өткізген  қуынышқа толы естелік пен жағымдв көңіл күй қалды. Шараға700 балақатысты.  

Дата: 24.06.2014, 5:54 Автор: Школы и сады г. Балхаш