Қалалық шығармалар сайысының ақпары

Қалалық шығармалар сайысының  ақпары

21-24 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы халықтарының Ынтымақтастығы, Бірлігі мерекесіне орай «Ынтымағы жарасқан туған өлкем-Қазақстан» атты дәстүрлі  шығармалар сайысы ұйымдастырылды.  Сайысты  мектеп директорының  тәрбие ісінің орынбасары  А.Қ.Шакижанова  сөз сөйлеп ашып берді.Сайыстың әділ қазылар алқасы: қалалық  білім,денешынықтыру және спорт бөлімінің  әдіскері Мейірбекова Г.С, қалалық «Балқаш өңірі» газетінің тілшісі  Бақтыоразқызы Еркеназ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ибраева Г.Қ, «Пульс» газетінің тілшісі Саденов Қ.М, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адамбаева Б.Т. сайланды.

25 сәуір күні сайыстың қорытындысы шығарылып, оқушылар «Көркем сөздің шебері» ,«Үздік әдеби шығарма» ,«Озық ойлы оқушы» , «Жас қаламгер» номинацияларымен және І, ІІ,ІІІ жүлделі орындар марапаттау қағаздарымен марапатталды.

І жүлделі орынды №5 орта мектептің 8-сынып оқушысы Есмұратова Саяна иеленді. (Жетекшісі: Адамбаева Б.Т)

ІІ жүлделі орынды №7 мектеп-гимназиясының  8-сынып оқушысы Ибраева Аяулым (Жетекшісі:Нұрпейісова Ж.М), №2 мектеп-интернаттың 8-оқушысы Сағынтаева Мақпал (Есімбекова Ә.Т)иеленді.

ІІІ жүлделі орынды №7 мектеп-гимназиясының  8-сынып оқушысы Қазыбек Лаззат (Уәлиева Ә.М) пен №9 орта мектептің 8-сынып оқушысы Бекимуратова Ақбота (Мұқажанова А.Т) иеленді.

«Көркем сөздің шебері» номинациясы бойынша №7 орта мектептің 7-сынып оқушы Изаталлинова Аида , №24 орта мектептің 7-сынып оқушы Букеева Айгерім марапатталды.

«Үздік әдеби шығарма» номинациясы бойынша №2 мектеп-интернаттың 7-оқушысы Зарубек Асыл, №9 орта мектептің 7-сынып оқушы Тұрсынғалиева Камила марапатталды.

«Озық ойлы оқушы» номинациясы бойынша №8 орта мектептің 8-сынып оқушысы Өміртай Әнел, №16 орта мектептің 7-сынып оқушысы Тұрғынбай Мейірімді марапатталды.

«Жас қаламгер» номинациясы бойынша №15 орта мектептің 7-сынып оқушылары Қабдуахит Дарын, Әсет Қызғалдақ марапатталды.

Дата: 30.04.2014, 9:02 Автор: Школы и сады г. Балхаш