«Ұлан» әскери-спорттық эстафетасы
2014 жылы 12 сәуірде Балқаш қаласы оқушылары арасында Ұлы жеңістің 69 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 22 жылдығына арналған «Ұлан» әскери спорттық эстафетасы өткізілді. Жарысты ұйымдастырушы қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі. Салтанатты ашылуға Ауғанстан әскері ардагерлері, қалалық Қорғаныс бөлімі мен ҚР ҚК ардагерлері қатысты.
Команда құрамы: 9 адам (6 ер бала, 3қ ыз бала, 9-11 сынып оқушылары)
Әскери-спорттық эстафета 7 этаптан тұрады:
1 этап: пневматикалық винтовкадан ату, қатысушылар нысанаға дәл тигізу үшін жарысады.
2 этап: АК-74 автоматын (бөлшектеу-жинақтау). Қатысушылар тез әрі дұрыс АК-74 бөлшектеу-жинақтау .
3 этап: РГД-5 гранатасы макетін 15 метрлік мәреге лақтыру (3х3 айналымы)
4 этап: «Газ» командасы болған кезде уақытқа газтұтқышты кию.
5 этап: алғашқы әскери дайындық бойынша викториналар.
6 этап: алғашқы медициналық көмек көрсету, жарақат алған адамды 30 метр жерге апару.
7 этап: әскерилендірілген 500 метрлік кросс. Барлық команда уақытқа жүгіреді.
Әскери-спорттық эстафетаға барлығы 135 ер балалар мен қыздар қатысты. Командалар жақсы нәтиже мен үздік әскери-спорттық дайындығын көрсетті. Әскери-спорттық эстафета қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды.
Жалпы командалық 1 орынды №7 -гимназияның оқушылары жеңіп алды.АӘД –ұйымдастырушы Т.Саугамбаев.
Жалпы командалық 2 орынды қалалық мектеп-гимназия оқушылары жеңіп алды. АӘД-ұйымдастырушы М.Балпыков.
Жалпы командалық 3 орынды № 1 ОМ оқушылары жеңіп алды.АӘД-ұйымдастырушы С.Билялов.
1 орынды жеңіп алған № 7-гимназия командасына әскери-спорттық эстафетаның жылжымалы кубогы тапсырылды, жеңімпаз 3 команда грамоталар, құнды сыйлықтармен марапатталды. «Ең үздік мерген» номинациясы бойынша №10 ОМ оқушысы А.Коваленко, «Үздік граната лақтырушы» номинациясы бойынша №15 ОМ оқушысы Е.Алмагамбет, «АК-74 автоматын жабдықтау» № 4 А.Головин, «Ен үздік медициналық топ» №2 мектеп-интернат.
Әділқазылар мен әскери-спорттық эстафета қонақтары эстафетаның тиісті дәрежеде ұйымдастырылғанын, қатысушылардың жарыс кезіндегі жауапкершілігі мен дайындығын атап өтті. Аталған шаралар жас Қазақстандықтардың сенімділігін арттырады. Қазақстан Республикасының өркендеуі солардың қолында, ұрпақ міндеті Отанымыздың болашақтағы сенімді қорғаушысы болып өсуі.