«Жауынгер -интернационалист»

 «Жауынгер -интернационалист»

12.02.14. күні  лингвистикалық бағыттағы  жалпы білім беретін №16 орта мектепте совет әскерлерінің Ауғанстаннан шыққанына 25 жыл толуына  байланысты  тәрбие ісінің орынбасары Б.М.Байсеркинаның ұйымдастыруымен  «Жауынгер -интернационалист»   тақырыбымен  Ерлік күні өткізілді.

 Өз  Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар  

жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету,  оқушыларды туған жерін, Отанын сүюге, халқына адал қызмет  етуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін дамыту  мақсатында   өткізілген    іс шара   жауынгер  ардагерлер   М.Д. Абдирбаев, М.Қ.Қуанышбеков, Б.Т.Сакенов, Т.В.Гущина, Л.М.Нургалиевалар және қала мектептерінің оқушыларының  қатысуымен өтті.   

Ерлік күні салтанатты жиынмен ашылды. Жиында №16 мектептің 8 сынып оқушылары   өлең тақпақтарын оқып, мектеп түлегі  жауынгер А.В.Антоновтың өмірі мен ерлігі жайлы баян етті. А.В.Антоновтың ерлігіне тағзым етіп,  ескерткіш тақтаға   гүл шоқтарын  қою  жауынгер ардагерлер мен мектептің үздік  оқушыларына тапсырылды.

Іс –шараның екінші бөлімінде мектептің «Даңқ»  мұражайында  А.В.Антоновқа арналған   «Ауғаныстан –жан жүрек жарасы»  атты стендтің ашылу рәсімі өтті. Мұражай кеңесінің мүшелері 7А сынып оқушысы Олжабай Жанел өзінің   А.Антоновқа арнаған  «Өмір өрнегі»  атты өлеңін ұсынса, 6Б сынып оқушысы Анел Құрмашева  стендке  шолу жасады. Мұражай жетекшісі Т.Н.Абдина  «Зерде» мұражай  кеңесінің зерттеу жұмыстары одан әрі жалғасын табатынын айтты.

Іс-шараның үшінші  бөлімі  бірден екі жұмысты қамтыды.  Қала мектептері  арасында   «Жауынгерге хат»  , «Письмо Антонову»  шығармалар  байқауы өткізілді.  Байқау қорытындысы бойынша  І орынды №16 мектептің 8В сынып оқушысы А.Тойғанбай, ІІ орынды  № 2 Абай атындағы лицейдің  8Г сынып оқушысы А.Қанатбекова мен №15 мектептің 8Б  сынып оқушысы А.Қызғалдақ  өзара бөліссе, ІІІ орынды №25 мектептің 8А сынып  оқушысы  А.Қали иеленді.

Екінші кезекте  №16 мектептің АӘД пәнінің мұғалімі О.Сатыбалдин  9-11 сынып оқушылары арасында  «Жас Ұландар»  саптық байқауын  өткізді.

Іс-шараға  «Балқаш өңірі» , «Балхашский рабочий»  газеттерінің , «Өркен -медиа»  телеарнасының тілшілері  қатысты.

Дата: 14.02.2014, 10:39 Автор: Школы и сады г. Балхаш