Бөлмелік резинамоторлы самолет моделдері бойынша жарыс
![Бөлмелік резинамоторлы самолет моделдері бойынша жарыс](/media/img/journal/52f9ecbf95cb0.jpg)
10 ақпан2014 жылы Оқушылар сарайында «Авиамоделдеу» үйірмесінде (жетекшісі Саят Касымханович Ахатов) лақтырылатын ұшатын моделдерді дайындау мен құрастыру бойынша жарыс өтті. Модел конструкторларының алдындағы негізгі мақсат- ұшу ұзақтығына барынша жету, сол себепті жарысқа қатысқан балалар қолдан жасалған шек қойылмаған мөлшердегі самолет моделдерін ұсынды. Жарысқа ересек балалар ретінде (8-9 сынып оқушылары) мен жас моделшілер де (3-4 сынып оқушылары) қатысты. Балалардың «Авиамоделдеу» үйірмесіне қатысқанына 5 ай болғанына қарамастан тамаша жетістіктерге жетті.
Әрбір қатысушы 4 алдын алу ұшыруға, 3 үздік нәтиже анықтауға қатысты. Жеңіске жеткендер: Нуркасым Абылай, №4 мектеп интернатының 9 «А» сынып оқушысы – I орын, Павлов Виктор, №17 орта мектептің 7 «А» сынып оқушысы - II орын, Ахметбеков Жанарман, №4 мектеп интернатының 9 «А» сынып оқушысы – III орын, Несипбек Аманжан, №15 орта мектептің 7 «Б» сынып оқушысы – I орын, Агыбаев Амир, №15 орта мектептің 4 «А» сынып оқушысы – II орын, Тулеутай Рамазан, №15 орта мектептің 7 «Б» сынып оқушысы – III орын.
Барлығыңызды құттықтаймыз!!!