Қысқы ертегілер әлемінде
2014 жылдың 3ақпанында ЖММ «Дошкольник БГМК» филиалының «Алпамыс» балабақшасында жас маман тәрбиешілер арасында «Қысқы ертегілер әлемі» атты балабақшаның серуен алаңын ең үздік безендіру сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты: педагогтың жеке басының деректі даму сапасын, оның шығармашылық қабілетін арттыру,тәрбиенушілердің ата-аналарымен қарым-қатынасын нығайту, серуен алаңында балалардың қызықты ойын ортасын құру .
Тәрбиешілер мен ата-аналар шығармашылықтары мен қиял-армандарын жүзеге асыра отырып, балалардың серуен алаңын таңғажайып ертегілер әлемі мен қарлы ауылға айналдырды. Сайыс қортындысы: «Еркем-ай» сәбилер тобының тәрбиешісі-Э.Жунусова-1 орын, «Құлыншақ» сәбилер тобының тәрбиешісі-А.Ашимханова-1орын, «Ботажан» ортаңғы тобының тәрбиешісі-А.Байжанова-2орын.Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды, ата-аналар: Е.Ахметов,Р.Мусинов, Б.Байхожаев.Н.Ахметжанов.Т.Карбеков алғыс хат тапсырылды.