Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысы туралы ақпарат
Облыстық кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 3 хаттамалық тапсырмасын орындау, сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысына жаңа әдіс-тәсілдер енгізу мақсатында 2013-2014 оқу жылындағы демалыс уақыттарында кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі топ (бұдан әрі КТІжТ) есебінде тұрған оқушылармен спорттық шаралар ұйымдастыру жоспарланған.
2013 жылғы 2 қараша сағат 11.00-де КТІжТ есебінде тұрған оқушылар және мектеп инспекторларының арасында № 5 орта мектебінің қарамағында мини – футболдан жарыс өтті.
Дата: 4.11.2013, 8:18 Автор: Школы и сады г. Балхаш