«Балқаш жас тілшілер қаламында» қалалық жас тілшілер конкурсы

«Балқаш жас тілшілер қаламында» қалалық жас тілшілер конкурсы

Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен мектептің ақпараттық орталықтарының жұмыстарын жандандыру мақсатында 19 қыркүйек 2013 жылы Оқушылар сарайында Балқаш қаласының 76 жылдық мерекесіне арналған «Балқаш жас тілшілер қаламында» атты қалалық жас тілшілер конкурсы өтті.

Қазылар алқасының құрамына: қаланың «Северное Прибалхашье» газетінің тілшілері К.З.Ордабаев, М.Т.Шалов, Оқушылар сарайының «Жас қалам» ақпарат орталығының  жетекшісі Р.Т.Жаныбекова, «Жас ұлан» жасөспірімдер мен балалардың бірыңғай  ұйымының жетекшісі А.К.Алтынова енді. Олар 21 жұмысты қарап, келесі шығармаларды ең үздік деп таныды.

-         «Жүрегіме жақын қала»- №10 орта мектебінің 10 «А» сынып оқушысы Дарья Дуванскаяның мақаласы;

-         «Бұл менің қалам»- №17 орта мектебінің 10 «А» сынып оқушысы Алина Тарасенконың мақаласы;

-         «Қоңырат, менің туған кентімсің»- №3 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Юрий Аллахвердиевтің мақаласы;

-         «Туған өлкем Балқашым»- №15 орта мектебінің 7 «В» сынып оқушысы Динара Төреханның мақаласы;

-         «Балқашым-құтты мекенім»- №16 орта мектебінің 9 «Г» сынып оқушысы Маржан Саденованың мақаласы;

-         «Балқашым-алтын бесігім»- №8 орта мектебінің 10 «Б» сынып оқушысы Айханум Жексембайдың мақаласы;

Жеңімпаздардың жұмыстары қалалық бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.

Дата: 30.09.2013, 6:37 Автор: Школы и сады г. Балхаш