Облыстың конкурсы «Мектепалды ұйымдағы дарынды тәрбиеші- 2013»
«Күншуақ» балабақшасының тәрбиешісі Байбосынова Айткүл Қадыржанқызы аймақтық «Сарыарқа дарыны» атты ғылыми-әдістемелік орталық ұйымдастырған «Мектепалды ұйымдағы дарынды тәрбиеші- 2013» атты облыстық сайысқа қатысты.Сайыс ақпанның 8 жұлдызында Қарағанды қаласында өткізілді. Мақсат бойынша дарынды тәрбиешілерді анықтап, оларды жан-жақты қолдау, кәсіптік педагогикалық білімнің маңыздылығын нығайту, мектепалды педагогиканың мәртебесін көтеру, балалармен жұмыс барысындағы инновациялық әдістерді, құралдар мен технологияны, профессионалдық тәжірибені тарату. Сайыс екі бөлімде өткізілді: сырттай және көзбе-көз (өзін өлең сөзбен таныстыру, «Тәрбиеші - эрудит» - қазылар алқасы тарабынан сұрақ, «Білемін - үйретемін» өз әдістері мен іскерлігін көрсету) Байбосынова А.Қ. сайыста сайыстың иегері атанып, екінші дәрежелі дипломмен марапатталды және құнды жүлдеге ие болды.