Балқаш қаласында «Олимпиада күні» спорттық – бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

 

 

Балқаш қаласында 19 мамыр 2012 жылы Лондон Олипиядасына арналған «Олимпиада күні» бұқаралықіс – аралар ұйымдастырылып өткізілді.

19 мамыр күні сағат 10.00 –де Желтоқсан көшесіндегі алаңда Олимпиада күнінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында балалар мен жас өспірімдер спорт мектебі және «Жекпе-жек» спорттық клубы спортшылары спорттың 7 түрінен қойылым көрсетті және барлық қатысушылар жаппай дене шынықтыру жаттығуларын жасады.

Сағат 11.00-ден қалалық жағалауда жеңіл атлетикалық олимпиядалық жүгіріс ұйымдастырылды. Оған мектеп оқушылары, колледждер және лицей оқушы-студенттері, кәсіпорындар, ұжымдар, отбасы жұптары, мүгедектер қатысты. Барлығы 450 адам жүгіріске қатысты. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Халықаралық Олимпида Комитетінің Президенті Жак Роггенің қолы қойылған сертификат және Олимпиада логотипі мен жейделер, сыйлықтар тапсырылды. Қатысқандардың бәріне Халықаралық Олимпида Комитетінің Президенті Жак Роггенің қолық ойылған сертификат берілді.

Сонымен қатар, мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында, қаладағы спорт жайларында әр спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып өткізілді. Олар волейбол, баскетбол, футбол, үстел теннисі, бокс, күрес түрлері, «Көңілді сөре» жарыстары және спорттық-бұқаралық жарыстар.

Мекемелерден жиналған ақпарат бойынша осы жарыстарға барлығы 4870 адам қатысты.

Дата: 31.05.2012, 11:08 Автор: Школы и сады г. Балхаш