"Балқаш-жоғары мәдениеттің қаласы" қалалық акциясы

Ұлы Жеңістің 67 – жылдық  тойы қарсаңында Балалар маслихаты депутаттары мен «Мұрагер» жастар ұйымы мүшелері  2012 жылдың сәуір айының 21 жұлдызы мен  5 мамыр аралығында батыр жерлестеріміздің құрметіне арнайы орнатылған ескерткіштер маңында және батыр жерлестеріміздің есімдерімен аталатын  көшелерде  «Бабалар ерлігі - ұрпаққа үлгі» сенбілік акциясын бастады. Акцияның мақсаты батыр жерлестеріміздің даңқы мен ерлігін насихаттай отырып, қаламыздың көркейюіне елжандылық сезіммен бірге қадам басу болды.

2012 жылдың 5 мамыры күні «Т-34» танк ескерткіші жанында «Балқаш жоғары мәдениеттің қаласы» атты қалалық сенбілік акциясының ашылу салтанаты болып өтті.

Акцияға барлық қала мектептерінің және мектеп-интернаттарының

жоғары сынып оқушылары қатысты.

«Мұрагер» жастар ұйымының жетекшісі Иешова А.Е. акция қатысушыларын құттықтап, іске сәт тіледі

«Мұрагер» жастар ұйымы президенті Қабетов Азаматтың

жоғарғы сынып оқушыларына үндеуі

Барлық мектептер жолдау-тапсырмалар алды

 «Балқаштық ерлер рухына- мәңгілік тағзым» монументі

Қалалық гимназия, №7 мектеп-гимназиясы, № 5 орта мектеп, № 10 орта мектеп, № 4 орта мектеп, № 1 орта мектеп еңбек отрядтары.

 «Танк «Т –34» ескерткіші

№ 9 орта мектеп, № 15 орта мектептің еңбек отрядтары.

Авиаторлар обелискі

№18 орта мектеп, №17 орта мектеп, №16 орта мектеп еңбек отрядтары.  

Қаланың алғашқы құрылысшыларына ескерткіш маңында

№8 орта мектептің және №2 лицейдің еңбек отрядтары. 

Михаил Петрович Русаков атындағы ескерткіш

 № 2 мектеп-интернатының еңбек отряды.

Қаламыздың ескерткіштерін сақтайық!!! 

Дата: 10.05.2012, 6:39 Автор: Школы и сады г. Балхаш