Облыстық семинар Балқашта

 

        Қаламызда сәуірдің 16-17 күндері  «Биоақпараттандыру және синергетика»технологиясы- инновациялық тұрғыдағы сапалы білім беру» атты облыстық семинар болып өтті.Қарағанды облысынан Қарағанды, Жезқазған, Сатпаев, Шахтинск, Приозерск қалаларынан 35 адам , Алматы қаласынан «Басқару технопаркінің кафедра жетекшісі Юсубалиева И.Н қалалық мәслихат хатшысы Рахимберлина Қ.Т ,  БАҚ өкілдері семинарға қонақ ретінде қатысты. Технологияның авторы Ф.Я Вассерман алқалық  мәжілісте баяндама жасап, №2 лицей,  №7 мектеп-гимназия,  №10 орта- мектеп,  №2 мектеп-интернаттың басшылары 1 жылда жасаған жұмыстары жөнінде есеп берді. Тәрбие ісінің меңгерушілері тәрбие жұмысын рәсімдеді. Мектептердің өзін-өзі басқару орталығы өз жұмыстарының нәтижесін көрсетті.

Семинардың екінші күні технологияның 9 картасы бойынша ашық сабақтар өтілді. «Даму» бағыты бойынша аталған 4 мектептің оқушылары «Логика», «Жылдамдық» бағытынан жарысқа түсті.

                         Логика                                              Жылдамдық

                          І орын –№ 2 интернат                      І.  № 2 лицей

                          ІІ орын- №2 лицей                         ІІ.  №7 мектеп-гимназия

                                                                                   ІІІ   №10 орта мектеп

                                                                                   ІҮ  №2 мектеп-интернат 

Семинар соңында І  дәрежелі сертификатпен   №2   мектеп интернаты директоры Рахимберлина З.Н,   ІІ дәрежелі сертификатпен № 7 мектеп-гимназия директоры Қойбағарова Р.Қ ,   №10 орта мектеп директоры   Шведова Л.В,  №2 лицей директоры Манатаева П.Т марапатталды. Барлық ашық сабақ берген мұғалімдер «Классик» атағына лайық деп табылды. «Шебер» атына   №2 лицейден Мұқамеди Р.К, Көккөзова Н, №7 мектеп-гимназиядан Әділбекова А.А,Кәріпжанов Е.Т,  Кашкынбаева Н,  №10 орта мектептен Желобецкая О.А, Укпешова С.Г,  №2 мектеп интернатынан  Сахариева М.М, Абжанова А.Ж, Хамитова С.Қ  ұсынылып, арнайы сертификатқа ие болды. Қалалық білім бөлімінің әдіскері Асемханова Г.Б осы семинарды ұйымдастырғаны үшін арнайы мараппатталды. Қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің орынбасары м.а Қуанышбаев А.К және технологияның авторы Ф.Я Вассерман , келген қонақтар  семинардың өтілуіне жоғары баға берді.

 

Дата: 19.04.2012, 10:26 Автор: Школы и сады г. Балхаш