Балқаш қаласының 75 жылдығына арналған №9 жалпы білім беретін мектеп ішіндегі «Інжу» орталығындағы іс шаралар

Балқаш қаласының 75 жылдығына арналған  №9 жалпы білім беретін мектеп ішіндегі  «Інжу» орталығындағы іс шаралар

 

Балқаш қаласының 75 жылдығына арналған
№9 жалпы білім беретін мектеп ішіндегі
«Інжу» орталығындағы іс шаралар

 

                   Балқаш қаласының 75 жылдығына арнап  жалпы білім беретін №9 орта мектеп ішіндегі «Інжу» шағын орталығында  06  - 15 сәуір аралығында әр түрлі іс шаралар өткізілді. Іс шараларда шағын орталықтың 6 тобы мен даярлық топтар қатысты. Барлығы 155 бала болды.

06 сәуірде шағын орталықтың 3 кіші тобына арналып «Көңілді старттар» спорттық жарысы өтті. Әр топтан 10 баладан қатысты. 09 сәуірде  екі орта топта «Балқашым – бағым!» атты ертеңгіліктер өткізді.  Даярлық топтар 10 сәуірде «Толағай» атты 3 командадан тұратын спорттық жарысын өткізді. Сәуірдің 11 мектеп кітапханашысы  Ж. Хасенова ересектер топқа арнап «Менің сүйікті қалам!» тақырыбында іс шара өткізді. Декаданың соңында 13 сәуірде шағын орталықтың барлық топтарына арналған «Қазынаны тап!» сайысы өтті. Бұл сайыста балалар тығып қойған қазынаны тауып алу керек. Барлық іс шаралар өз мақсатына жетті.

Дата: 13.04.2012, 12:18 Автор: Школы и сады г. Балхаш