«Спешиал Олимпикс»

«Спешиал Олимпикс»

«Спешиал Олимпикс»

 2012 жылдың 27 ақпанында Астана қаласында мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған «Спешиал Олимпикс» атты Қазақстанның Қысқы Олимпиадасы өтті. «Алау» атты қысқы кешен сарайында олимпиаданың ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Осы салтанатта Қазақстан спортшылары мен шетелден келген спортшылар қатысты.

      Балқаш қаласынан бұл Олимпиадаға «Ер Төстік» КМҚК МДМ тәрбиеленушілері Айша А және Камила С ата – аналармен бірге дене шынықтыру инструкторының жетекшісі Искакова С.С қатысты.

«Мықты атлет» жарыстарына қатысқандарға «Спешиал Олимпкс» эмблемасы бар спорт киімдері мен жабдықтары сыйға берілді. Жарыстардан кейін балаларға ескерткішке сыйлықтар таратылды. Қатысушылардың әрбір күні мәдени шаралармен ұштасып жатты. Олимпиаданың соңында цирктік ойын сауық ұйымдастырылды. Ата – аналармен балалар осы іс шараға қатысу арқылы үлкен әсер алып, шаттыққа бөленеді.

Дата: 5.03.2012, 11:02 Автор: Школы и сады г. Балхаш