Мектептер:

Балабақшалар:

Дүниежүзілік балалар күніне арналған "Бала құқығы – адам құқығы" айлығының өткізілуі туралы ақпараты

Дүниежүзілік балалар күніне арналған

2020 жылдың 20 қазаны мен 20 қарашасы аралығында қаланың білім беру ұйымдарында Дүниежүзілік балалар күніне арналған "Бала құқығы – адам құқығы" тақырыбында  іс-шаралар өткізілді.

Айлық аясында мектеп кітапханаларында "Сізге құқық туралы - құқық сіз туралы" көрмесі рәсімделіп, онда бала құқықтары бойынша кітапхана және сынып сағаттары өткізілді. «Балалар күліп, бейбіт әлемде өмір сүруі керек!" іс-шарасында сынып жетекшілері балалармен бірге әр жаңа күнді тамашалауға үйренді, эссе мен бір-біріне тілектер жазды.

         Жоғары сынып оқушылары үшін СӨС орталығының мамандарымен кездесулер ұйымдастырылды, онда жеке гигиена, олардың тіршілік қауіпсіздігі бойынша әңгімелер өткізілді. Дөңгелек үстелде, практикумдарда, дебаттарда 7-11 сынып оқушылары салауатты өмір салты, балалардың құқықтары мен міндеттері туралы айтты.

Бастауыш мектеп оқушылары үшін сюжеттік ойындар, балалар туралы суреттер мен өлеңдер конкурстары өткізілді.Орта буын оқушылары үшін қауіпсіздік  интернет сағаты, пайдалы кеңестер бюросы өткізілді. Онда  педагогтар тіршілік әрекетінің барлық деңгейлеріндегі қауіпсіздік ережелерін тағы да қайталады.

Ата-аналар үшін қала мектептерінің әкімшілігі ағымдағы жылдың 13 -20 қарашасы аралығында "Дүниежүзілік балалар күні" тақырыбында отбасы сағатын өткізді, онда ата-аналарға (заңды өкілдерге) отбасындағы балаларды дұрыс тәрбиелеу, бақытты балалық шақ туралы түсініктемелер берілді.

         Өткізілген іс-шаралар бойынша ақпарат әлеуметтік желілерде және білім беру ұйымдарының сайттарында орналастырылған.

Дата: 23.11.2020, 11:44 Автор: Школы и сады г. Балхаш