"Басшы сағаты"

Оқушыларды қашықтықтан оқытудың бірінші тоқсаны аяқталды. Ағымдағы жылдың 14 қарашасында бірінші тоқсанның қорытындысын шығару үшін қаланың барлық білім беру ұйымдарында ата – аналар қауымы үшін он-лайн режимде "Басшы сағаты" өтті. Ата-аналарға мектептің екінші тоқсанға дайындығы, кезекші 5-ші сыныптардың қызметтігі, оқу білім беру платформаларының жұмысы туралы түсініктемелер берілді. Ата-аналар өздерін қызықтыратын сұрақтарды тікелей бірінші басшыға қойып, толық құзыретті жауап ала алды. Білім бөлімінің жоспары бойынша "Басшы сағаты" апта сайын өткізіледі.
Дата: 16.11.2020, 9:21 Автор: Школы и сады г. Балхаш