Жыл мұғалімі - 2020

Жыл мұғалімі - 2020

"Жыл мұғалімі" байқауының 2 кезеңін жаратылыстану-математика бағытының биология, математика пәні мұғалімдері жалғастырды.Байқауға қатысушылар:ЖББ N5 орта мектебінің биология пәні мұғалімі А.Қордабаева және ЖББ N9 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Д.Жұман.Қатысушылар сабақ үрдісін ЗУМ платформасында онлайн режимінде өткізді.Сабақ барысында білім платформаларында ресурстары мен құралдары қолданылды.Пәнаралық байланыс арқылы тақырып мазмұны ашылды. Функционалдық сауаттылыққа бағытталған ауқымды тапсырмалармен қамтылды.

Биология сабағында үштілде терминология және сөздіктермен жұмыс жүргізілді.

Математика сабағында жергілікті компонент қамтылып, Балқаш қаласы,көлі, өнеркәсібі туралы мәліметтерді пайдаланып,әрқилы есептер шығарылды.

Рефлексия арқылы ,оқушылар сабақта қызықты,өмірде қолданыста болатын ақпараттар алғандары туралы ой-пікірлері мен бөлісті.

Әріптестерге сәттілік!

Дата: 11.11.2020, 9:16 Автор: Школы и сады г. Балхаш