Балқашта «Senim109» байланыс орталығы іске қосылды.

Балқашта «Senim109» байланыс орталығы іске қосылды.
 
Бұл жерде қала тұрғындары коммуналдық мәселелерге, медициналық қызметтерге, білім беру, қоғамдық көлік жұмысына және басқа да проблемаларға қатысты сұрақтары мен ұсыныстарын және шағымдарын айта ала алады.
 
Барлық өтініштерді мамандар өңдеп, тиісті мемлекеттік органдарға жеткізіп отырады. Мекемелер шағымның себебін қысқа мерзімде анықтап, кемшіліктерді жоюға міндетті болады.
Байланыс орталығына ұялы және қалалық телефоннан «109» нөмірі бойынша қоңырау шалуға болады.
 
Жүйеге Балөаш қаласының 13 мемлекеттік мекемесі тіркелген. Операторлар демалыссыз, тәулік бойы жауап береді.
 
Бірыңғай байланыс орталығының қызметі Қарағанды қаласында жұмысын бастаған болатын және пандемия кезінде жақсы нәтиже көрсете білді. Қазіргі таңда сервис облыстың барлық тұрғындары үшін қолжетімді.
Дата: 27.10.2020, 10:32 Автор: Білім бөлімі