Ата – аналар қауымы үшін он-лайн режимде "Басшы сағаты" өтті.

Ата – аналар қауымы үшін он-лайн режимде

Оқушыларды қашықтықтан оқытудың бірінші айы аяқталды. Ағымдағы жылдың 25-26 қыркүйегінде айдың қорытындысын шығару үшін қаланың барлық білім беру ұйымдарында ата – аналар қауымы үшін он-лайн режимде "Басшы сағаты" өтті. Ата-аналарға мектеп оқушыларын компьютерлермен және интернет-қосылумен қамтамасыз ету туралы ақпарат берілді, қалыптастырушы бағалау үшін балл қою және БЖБ мен ТЖБ үшін одан әрі балл қою мәселелері, өзін-өзі тану, музыка, көркем еңбек, дене шынықтыру және т. б. пәндерді оқытудың ерекшеліктері туралы түсініктемелер берілді. Ата-аналар өздерін қызықтыратын сұрақтарды тікелей бірінші басшыға қойып, толық құзыретті жауап ала алды. Білім бөлімінің жоспары бойынша      " Басшы сағаты " апта сайын өткізіледі.

Дата: 30.09.2020, 10:07 Автор: Білім бөлімі