Размер шрифта:

"Түнгі қаладағы балалар" кезекті рейд өткізілді

Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жоспарды орындау шеңберінде 2020 жылғы 25 қыркүйекте кешкі  21.00-23.00 уақыт аралығында  "Түнгі қаладағы балалар" кезекті рейд өткізілді. Рейдке білім бөлімінің басшысы бастаған бөлім мамандары,  қала мектептерінің директорлары және кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар қатысты. Рейдтік іс-шараның негізгі мақсаты: қаладағы жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтың алдын-алу; кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігін, балалар құқығының қорғалуын қамтамасыз ету; кәмелет жасына толмаған жасөспірімнің түнгі уақытта заңды өкілсіз көшелерде және қоғамдық орындарда жүргенін анықтау. Іс-шараға қатысушылар қаланың жағалауын, "Тәуелсіздік" алаңын және Металлургтер МҮ, шағын аудандарындағы балалар ойнайтын алаңдарды, дүкендер мен халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарды  аралады. «Түнгі қаладағы балалар » рейд кезінде заңды өкілсіз жүрген ересек балалар кездеспеді.

Дата: 29.09.2020, 16:02 Автор: Школы и сады г. Балхаш