«Мектепке жол» республикалық акциясының орындалысы туралы ақпар

«Мектепке жол» республикалық акциясының орындалысы туралы ақпар

      Білім ұйымдарында жасөспірім балаларды оқуға толық тарту туралы ҚР          «Білім туралы» заңының аясында «Мектепке жол» республикалық                                                 акциясының орындалысы туралы ақпар                                                                      

Жыл сайын өтетін «Мектепке жол» республикалық акциясы еліміздің барлық аймақтарында 1шілдеден  30қыркүйекке дейін өтеді.Акцияның мақсаты- аз қамтылған отбасы оқушыларына көмек көрсету, барлық оқушылардың міндетті түрде орта білім алуға  құқылы екенін түсіндіруге  бұқаралық ақпарат құралдарын жұмылдыру.

1шілдеден бастап «Мектепке жол» республикалық акциясы туралы халықты ақпараттандыру мақсатында ақпараттық үгіт- насихат іс шаралары ұйымдастырылды.

Ленин көшесінде «жедел желі» телефондары мен логотиптері жазылған баннерлер орнатылды.

  • білім ұйымдарының әлеуметтік желілерінде жарнамалық буклеттер таратылып онлайн акциялар өткізілді.
  • Қаланың БАҚ акцияның басталуы туралы мақалалар, мектептер акцияның өтетіні туралы мақалалар жариялады.
  • «Оркен-медиа» телеканалында акцияның өтілуі туралы репортаждар көрсетілді.
  • Қала әкімінің бекітілген жоспарына сәйкес 1шілдеден  21қыркүйек аралығында өткен барлық іс- шара 100пайыз орындалды.
  1. Қалада тұрып жатқан балалар мен жасөспірімдердің  тамыз айының бақылау есебі жүргізілді (0 ден 18 жасқа дейін  - 15911) (2019ж. –15714 адам.);
  2. Қалада тұрып көмек қажет ететін көпбалалы және аз қамтылған жанұялардың мекенжай тізімдері жасалынды. (олардың саны- 1023, оның ішінде балалары- 1318, оқушылары– 1279 адам.);
  3. Материалдық көмек қажет ететін оқушылардың мекенжай тізімдері жасалынды: мүгедектер, жетім балалар, көпбалалы жанұя балалары, аз қамтылған жанұя балалары;
  4. Барлық ұйымдарда акция туралы сайттарда ақпараттар беріліп, ақпараттық стендтер жұмыс жасады.

Акция аясында мемлекеттік ұйымдар, кәсіпорындар, қоғамдық қорлар, демеушілерге  көпбалалы жанұялар мен аз қамтылған отбасыларына көмек көрсету туралы хаттар жолданды.

 

Анықтама

 - көпбалалы жанұя балалар саны – 1250

- аз қамтылған жанұя балалар саны  –1023

- жетім балалар жәнеОБПР – 134

 

  Өткізілген іс- шаралардың сараптамасы бойынша жылдан жылға жаңа оқу жылы қарсаңында өткізіліп отыратын акция барысында әлеуметтік қорғалмаған жанұялардың оқушы балаларына қол ұшын созып көмек көрсетушілер саны көбейіп келе жатқандығы байқалды. Соның есесінен өткізілген акция барысында материалдық көмек алушылардың көп қамтылғандығы байқалды. Яғни, осы жылдың шілде мен тамыз айларында демеушілер мен штаб меценаттары арқасында  1035 оқушыға 1615500 теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Жаппай оқыту қорынан әлеуметтік қорғалмаған жанұяларда 1023 бала жаңа оқу жылы қарсаңында 25575000 теңге көлемінде канцелярлық тауарлар және киім кешекпен қамтамасыз етілді.

Білім бөлімі жанындағы көмек көрсету қоғамдық штабында  127 өтініш тіркелді ( оның ішінде бала саны  286 ).

Акция уақытында «сенім телефондары» мен «жедел желі» телефондары тоқтаусыз жұмыс істеп,мектептерде қоғамдық қабылдаулар жүргізіліп отырды.

 

Бөлім басшысы:                                    Г.Агдарбекова

Исп.Н.Касымова

Тел: 46236

Дата: 23.09.2020, 12:01 Автор: Школы и сады г. Балхаш