Құрметті ата-аналар!

Құрметті ата-аналар!

Құрметті ата-аналар!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 19.06.2020 ж. № 254 бұйрығына сәйкес жыл сайын балалары кезекте тұрған ата-аналар мектепке дейінгі ұйымнан орын алуға мүдделілігін растауы қажет. Жоғарыда баяндалған жазбаға сәйкес 2020 жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде мүдделіліктеріңізді растауларыңызды сұраймыз.

Balabaqsha.snation.kz кезекте тұрған өтініш берушінің мектепке дейінгі балалар ұйымынан орын алуға  мүдделілігін уақытылы растауын бақылауға көмектеседі.

Ол үшін жеке кабинетіңізге кіріп, мүдделілігіңізді растауыңыз қажет. Кері жағдайда, Сіздің өтінішіңіз кезектен тоқтатым парағына ауыстырылады.

Егер Сіз өзіңіздің мүдделілігіңізді 01.10.2020 дейін растай алмасаңыз және өтінішіңіз тоқтатым-параққа түссе, Сіз өзіңіздің жеке кабинетіңізден мүдделілікті растау мүмкіндігіне ие боласыз. Тоқтатым парағындағы өтініш кезекке бір рет қана оралады.

Дата: 23.09.2020, 9:20 Автор: Школы и сады г. Балхаш