2020 жылғы 07-13 қыркүйектегі жоспар бойынша іс-шаралар туралы ақпарат

2020 жылғы 07-13 қыркүйектегі жоспар бойынша  іс-шаралар туралы ақпарат

Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.  Отбасы құндылығын, достығын дәріптеу, отбасы мүшелерінің бір – біріне деген сүйіспеншіліктерін, сыйластықтарын арттыру мақсатында Отбасы  күніне  орай  «Оқушылар сарайы» КМҚК – ның ұйымдастыруымен:

   2020 жылдың  7-10 қыркүйек аралығында «Отбасыммен мақтанамын» фотоколлаж байқауы өтті. Қатысушылар өз отбасыларының фото суреттерімен бөлісіп, отбасылық бақытты сезімдерін көрсетті. Байқауға қала мектептерінен 61 оқушы қатысты.

   7-12 қыркүйек аралығында қашықтықтан қалалық «Менің бақытты отбасым» презентация байқауы өтті. Байқауға  қала мектептерінен 20 оқушы қатысты.

   9 – 13 қыркүйек  аралығында «Менің отбасым –  менің тірегім» шығармашылық отбасылық челленджі өтті. Байқауға  қала мектептерінен 15 оқушы қатысты. Отбасы мүшелерімен отбасылық 1 минуттық  түсірілген бейнероликтерімен бөлісті.

  8-11 қыркүйек аралығында «Отбасым-бақыт мекенім» бейнеролик байқауы өтті. Байқауға 5 оқушы қатысты. Байқаудың мақсаты балалар шығармашылығының белсенділігін қолдау және ынталандыру және отбасылық құндылықтарды насихаттау болды. Барлық қатысушылар алғыс хаттар мен мадақталарға ие болды.

Дата: 21.09.2020, 16:59 Автор: Школы и сады г. Балхаш