Хабарландыру

"Балқаш қаласының білім бөлімі" ММ хабарлайды: Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру екі тәсіл: көрсетілетін қызметті беруші арқылы "электрондық үкімет" веб-порталы egov.kz  және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арқылы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) қағаз түрінде жүзеге асырылады. 
Медициналық құжаттарды 026/у-3 "денсаулық паспорты" және 063 "егу паспорты" Damumed қосымшасы арқылы электронды түрде алуға мүмкіндік жасалған немесе кейін тапсыруға рұқсат берілген.
Дата: 23.07.2020, 1:10 Автор: Білім бөлімі