«Балқаш қаласы білім бөлімі» ММ-нің басшысы Г.Агдарбекованың Балаларды қорғау күніне құттықтау сөзі

«Балқаш қаласы білім бөлімі» ММ-нің басшысы Г.Агдарбекованың Балаларды қорғау күніне құттықтау сөзі

Қымбатты балалар! Құрметті ата-аналар!

 Сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен

шын жүректен құттықтаймын!

          Балалар-біздің байлығымыз. Біз олар үшін еңбек етіп, өмір сүреміз, жоспар құрып, бақытқа үміттенеміз. Бұл үміттерді жүзеге асыру үшін біз, үлкендер, балаларды және қамқорлыққа бөлеп, оларға өткеннің игілігіне деген құрмет сезімін қалыптастырып, ізгілік пен

адамгершілікке үйретуіміз керек. Бұл бүкіл қоғамның жауапты міндеті.

        Біз барлық ата-аналар үшін, "Барлық жақсылық-балаларға!" ұстанымы біз үшін бірінші кезекте  болуы керек. Балаларымыздың еліміздің лайықты азаматтары болып ер жетіп, ертең аға ұрпақтың даңқты жолын жалғастыруы  біздің міндетіміз болмақ.

      Құрметті достар! Бұл күн Сіздерге қуаныш пен жақсы көңіл-күй  сыйласын. Алда жазғы демалыс бар, демалыстарыңызды қызықты және мазмұнды өткізіп, барлық арман-тілектеріңіз орындалсын! Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік пен амандық тілеймін!

Дата: 1.06.2020, 10:22 Автор: Білім бөлімі