"Қашықтықтан оқыту үдерісінде математика сабақтарында қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын тиімді ұсыну" тақырыбында онлайн семинар болып өтті.

2020 жылдың 17 сәуірі күні Балқаш қаласы білім бөлімі әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған "Қашықтықтан оқыту үдерісінде математика сабақтарында қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын тиімді ұсыну" тақырыбында онлайн семинар болып өтті. Семинар №15 мектеп-лицейдің мұғалімі Құтжанова Анар Мажитқызы мен әдістемелік бірлестіктің ұйымдастырумен өткізілді. Жалпы математика сабақтарында ҚБ тапсырмаларын қалай тиімді беруге болады, сол ҚБ тапсырмаларына кері байланысты қалай жасауға болады, жаңа сабақ бойынша оқу тапсырмаларына берілетін уақыт қанша болу керек деген сияқты мәселелер көтерілді. Құтжанова анар Мажитовна классрум платформасы арқылы жүргізіліп жатқан жұмыстарына, осы платформа арқылы тапсырмаға берілетін критерий мен дескрипторлардың ыңғайлылығы және сол тапсырмаларды ватсап желісі арқылы қалай тексеріп кері байланыс беруге болатыны жөнінде практикамен ұштастыра білді. Мұғалім OPIQ.KZ сайтындағы ҚБ тапсырмаларымен жұмыс жасау жолдарын практика жүзінде көрсете білді. Сонымен қоса мектеп-лицей "Зерек" жобасын жүзеге асырып жатқандықтан оқушылардың денсаулығын сақтау аясында көзге арналған, миға арналған және логикаға бағытталған жаттығуларды сабаққа қалай енгізуге болатыны және қандай тапсырмалар жасатуға болатыны жөнінде түсіндіре келе бейне баяндармен бөлісті. "Зерек" жобасының қашықтықтан оқыту барысындағы тиімділігін ашып берді. Аталған мектеп-лицейдің мұғалімі Жакупова Ш.Т. да осы тақырып аясында өз ойын қосты. Семинар соңында қатысушы мұғалімдердің арасында ой-пікір бөлісу орын алды. Ватсап желісі арқылы бір күнде бірнеше пән бойынша әр оқушыға кері байланыс беруде көп уақыт кететінін алға қойған мұғалімдер Анар мұғалімнен қалай уақытты ұтымды пайдаланып жүргендігін сұрап, оған жауап ала алды. Жалпы семинар өте өнімді семинар болды. Модератор тарапына алда жоспар бойынша әлі де бірнеше онлайн семинардың болатыны хабарлады

Дата: 22.04.2020, 19:08 Автор: Білім бөлімі